Бимағамбетов Дәуіт Садықұлы 2019 жылдың тамыз айынан бермен қарай хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
Жылыой аудандық полиция бөліміне Құлсары қаласы, ІІ ықшамауданы, №33 үйдің 16-пәтер тұрғыны Б.Бимағамбетова арызданды. Оның арызындағы хабарламаға қарағанда, өзінің туған інісі, 1963 жылдың 24 қаңтарында туған Құлсары қаласының тұрғыны, азамат Бимағамбетов Дәуіт Садықұлы 2019 жылдың тамыз айынан бермен қарай хабар-ошарсыз жоғалып кеткен.
Фотосуретте көрсетілген Дәуіт Бимағамбетовтің жүрген жерін немесе ол туралы қандайма бір мәлімет білетін азаматтар болса, аудандық полиция бөліміне немесе 8-702-257-77-75 телефонына хабарласуын сұраймыз.
А.Мұқашев,
аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі,
полиция аға лейтенанты