Ауласына есірткі өсіріпті

1 маусым-31 қазан аралығында «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Атырау полицейлері қарасора өсімдігін заңсыз өсірген атыраулық тұрғынды ұстады,- деп хабарлайды Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаментінің қызметкерлері «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде тағы бір қылмыстың бетін ашты. Атырау тұрғыны Химиктер поселкесіндегі үйінің ауласында құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіргені анықталды.

Тексеру барысында полицейлер ауладан 4 түп есірткі шөбін тауып, тәркіледі. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабы 1-бөлігімен (құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, аталмыш акция басталғалы Атырау полицейлері ҚР ҚК-нің 297 бабы - "Есірткі заттарын сату" бойынша, ҚР ҚК-нің 296 бабы 2 бөлімі - "Есірткі, психотроптық заттарды сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау" және ҚР ҚК-нің 300 бабы - "құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру" бойынша барлығы 10-нан астам дерек анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 31 қазан аралығында «Қарасора-2020» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымын анықтап, жабайы қарасораны заңсыз саудасына тосқауыл қою, - деп атап өтті Атырау облысының Бас полицейі, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521