Атыраулық полицейлер «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысын Алматыдан ұстады

Күдіктіге биылғы ақпанда халықаралық іздеу жарияланған еді.

Атырау облысының полицейлері салымшыларды алдаған «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысын Алматы қаласынан ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған серіктестіктің құрылтайшысы Алматы қаласында ұсталып, Атырауға жеткізілген.

«Күдіктіге биылғы ақпанда халықаралық іздеу жарияланған-ды. Оны атыраулық полицейлер 16 маусымда Алматы қаласынан тауып, ұстады. Ол Атыраудағы салымшыларды алдап, жылжымалы мүлік пен ақшаны иемденіп кеткен», - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Оның айтуынша, Атырауда тергеу соты «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысына қатысты қамауға алу шарасын санкциялаған. Қазір полиция департаментінің жедел-тергеу тобы қылмыстық істі тергеп жатыр.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521