Атырау облысы аумағында 2 ақпан мен 20 наурыз аралығында республикалық «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты - қару айналымы саласындағы заңдылықты сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Іс-шара барысында қызметтік және спорттық қаруды пайдаланатын ұйымдарда қаруды сақтау, есепке алу, пайдалану және алып жүру тәртібінің заңнама талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Сондай-ақ, жауапты тұлғалардан қару сақталатын үй-жайлардың техникалық нығайтылуын, бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеуін, рұқсат құжаттарының мерзімдерінің өзектілігі тексеріліп, бақылауға алынады.



