Атырауда есірткі жарнамасы бар 20-дан астам граффити жойылды

Атырауда есірткі жарнамасы бар 20-дан астам граффити жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Таяуда қала аумағында Жастар Рухы Атырау белсенділері мен Атырау облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен есірткі құралдарын жарнамалау жүзеге асырылатын сайттарға сілтемелері бар тыйым салынған жазуларды бояу бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді.

Бірлескен іс-шара барысында есірткі туралы жарнамасы бар 20-дан астам граффити жойылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Айта кету керек, Қазақстанда есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді насихаттағаны және заңсыз жарнамалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген. Сондықтан полицейлер есірткі заттарының граффити-жарнамасына куә болған адамдардан “102” операторының пультіне немесе есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефоны (8702-318-02-66) арқылы дереу хабарлауды сұрайды.

Polisia.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521