Атырауда антитеррорлық оқу-жаттығуы өтеді

Бүгін, 10 қараша күні Атырау қаласы аумағында Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб және Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі теңіз штабы күштерінің қатысуымен антитеррорлық оқу – жаттығуы өтеді.

Көрсетілген уақытта Атырау қаласы аумағындағы жекелеген аудандарында қозғалыстар шектелуі мүмкін.

Уақытша шектеулерді және құқық қорғау органдары өкілдерінің заңды талаптарын түсіністікпен қабылдауларыңызды сұраймыз.

Оқу-жаттығу орындарында фото, видео түсірілім жасамау және аталған іс-шара туралы тексерілмеген жалған ақпарат таратпау сұралады.

Жалған мәлімет таратушыларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 274 бап, 2 тармағы бойынша (жалған ақпарат тарату)

қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеміз.

Атырау облысы терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521