«Атырау облысының ардақты ардагері» атанды

 Жақында аудандық сот ғимаратында «Билер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің кезекті отырысы өтіп, өңірдегі билер дөңгелек үстел басында бас қосып,жасалған жұмысы мен алдағы атқарылар қызметін талқыға салды.

Онда аудандық қоғамдық бірлестіктің қоғамға тигізіп жатқан пайдасының көп екендігін, сотқа дейінгі дау-дамайға араласып, әртүрлі шешімін таба алмай келген мәселелердің түйінін тарқатып, көптеген отбасының бұзылмай, шаңырағын сақтап қалуға, адамдар арасындағы басқа да даулардың шешілуіне септігін тигізіп жатқаны айтылды.
  -Аудандық «Билер Кеңесі» қоғамдық бірлестігі 2018 жылы қараша айында құрылды. Содан бері қоғамға тигізген ықпалы зор, әлі де билеріміздің берері көп, ақыл-кеңесін аямай татуластырып, көмек сұрап келген әрбір азаматқа өз қызметін  көрсетберелі. Қара қылды қақ жарған, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз- деген бірлестік төрағасы Гүлайым Есенова билерімізге серт қабылдатып, төсбелгілер табыстады.
   Сонымен қатар, «Билер Кеңесі» қоғамдық бірлестігінің құрылғанынан бастап күні бүгінге дейін жұмысын тоқтатпай қоғамға өз үлесін тигізіп, Атырау аймағының мәдени-бұқаралық дамуына және ауданның Билер кеңесі жұмысының өрістеуіне қосқан үлесі үшін аудандық ардагерлер қоғамының мүшесі, республикалық «Құлсары» газетінің  бас редакторы, зейнеткер Әбдіхалық Сисенбердиевті «Атырау облысының ардақты ардагері» алтын медалімен марапаттады.

  Бұл ауданның Билер кеңесі мен оның мүшелерін көрсетілген зор құрмет болды.

Гүлзада Жанғазиева,

аудандық сот әкімшісінің

аға сот приставы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT