Атырау облысы Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Облыс прокуроры Бауыржан Жұмақановтың төрағалығымен қылмыстық процестің үш буынды моделін іске асыру және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтау мәселелері жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде қылмыстық сот ісін жүргізуді кезең-кезеңімен жаңғырту жүргізілуде.

-Қылмыстық процестің үш буынды моделі – бұл құқық қорғау органдарының өкілеттіктерін нақты ажырату, бұл ретте тергеу органдарымен дәлелдемелерді жинау, прокурорлармен оларды құқықтық бағалау және мемлекеттік айыптауға қатысу, ал соттармен іс бойынша түпкілікті шешім қамтамасыз етіледі, – деп түсіндірді қадағалау ведомствосының басшысы.

-Қылмыстық процестің үш буынды моделінің бірінші және екінші кезеңдерін іске асыру өз жемісін беріп, қылмыстық істер бойынша тергеу және қадағалау сапасы жақсарды. Келесі жылдың басынан бастап қорытынды кезең басталады. Онда алдын-ала тергеу нысанында аяқталған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша айыптау актілерін тек прокурор жасайтын болады, – деп қорытындылады прокурор.

Іс-шарада атмосфералық ауаны қорғау саласындағы неғұрлым проблемалық мәселелер, соның ішінде құзыретті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл және бақылау тиімділігі қаралды. Қолдағы бар мәліметтерге сәйкес, өңірдің ауа бассейніне ластаушы заттарды шығару жыл сайын артып келеді. Сол себепті облыста тұрғындар арасында тыныс алу органының ауруы жоғарғы көрсеткішті көрсетіп отыр.

-Қоршаған ортаға ұқыпты қарау әр адамның міндеті болып табылады және бұл бағыттағы жауапкершілік қызмет саласы табиғатқа тікелей әсер ететін кәсіпорындардың бірінші басшыларына жүктеледі. Сондықтан қоршаған ортаны теріс әсерден қорғау және ластаушы элементтердің алдын алу үшін іс-шаралар кешенін қабылдау қажет», – деп атап көрсетті прокурор.

Өз кезегінде, кеңес отырысына шақырылған «АМӨЗ» ЖШС-нің директоры М.Досмұратов сендіргендей, «заманауи өндірісте облыс орталығындағы атмосфералық ауаны жақсарту және оның ластануына жол бермеу үшін барлық қажетті шаралар қолданылуда. Мысалы, қалада жағымсыз иісті барынша азайту үшін булану алаңдарының 1 және 2 секторларын құрғату және рекультивациялау, ашық амбарларды жою жүргізілді, мұнай және бензин резервуарларына понтондар кезең-кезеңімен орнатылуда»-деді.

Үйлестіру кеңесінің заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы маңызды рөлін көрсете отырып, облыс прокуроры тиісті мемлекеттік органдарға атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын болдырмау және Атырау қаласының тұрғындары үшін таза ауа қалыптастыру бойынша жұмыстарды қарқынмен жүргізуді тапсырды.

Атырау облысының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз