Қарызын қайтаруға асықпаған сот алдында жауап берді

Талап қоюшы белгіленген мерзімде қарыз қайтарылмауына байланысты сотқа талап арызбен жүгінген.

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында талап қоюшы Ж.-ның жауапкер А.-дан қарыз ақша өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы Ж. жауапкер А.-ға 230 000 теңге көлемінде қарыз ақша беріп, алайда белгіленген мерзімде қарыз қайтарылмауына байланысты сотқа талап арызбен жүгінген.

Сот отырысында тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, оның шарттары бойынша жауапкер 2020 жылдың 20 маусымынан бастап әр ай сайын 30 000 теңгеден төлеуге міндеттенді.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылып, талап қоюшыға мемлекеттік баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521