Жылыойлық криминалист марапатқа ие болды

ken-zhyloi.kz

Төлегенов Теңел өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, ІІМ, ІІД, ІІБ, ПБ бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алады. Қызмет атқарып отырған Жылыой ауданы полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесінің бастығы болып қызмет атқарады.

Әріптестерінің арасында абыройлы полиция майоры өзінің жоғары біліктілігі мен еңбекқорлығының арқасында өз ісінің маманы. Сонымен қатар, бөлімшеге келген жас криминалистерге, практиканттарға тәлімгер болып бекітілуде. Олармен қызмет атқару барысында алған тәжірибесімен бөлісіп, мамандығының қыр-сырын үйретуде.

Бүгін бөлім бастығы полиция полковнигі Е.Досмағұлов Полиция Департаменті бастығы атымен берілген грамотасын Теңелге жеке құрам алдында табыстады.

«Қызмет атқарып отырған криминалистика саласына алдымызда келе жатқан көктемнің алғашқы күні 1 наурызда 102 жыл толады. Тамыры сонау 1919 жылдан бастау алады. Осыған байланысты мен барлық криминалист әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Сондай-ақ, ақ жаулықты әжелерімізді, аналарымыз бен барша әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!», – дейді Т. Төлегенов.

Жылыой ауданы полиция бөлімінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521