Қару тапсырып, сыйақыға ие болыңыз!

Азаматтарға тапсырған қару үшін комиссия шешімімен 100 АЕК-ке дейінгі төлем төленетін болады.

"Шілденің 1-нен бастап заңсыз сақталудағы атыс қарулар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу” акциясы басталды.

Ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Азаматтарға тапсырған қару үшін комиссия шешімімен 100 АЕК-ке дейінгі төлем төленетін болады.

Аталған акция 1 шілдеден бастап Ішкі істер органдары қызметкерлерімен жүзеге асырылуда.

Акция мақсаты - қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу деңгейін арттыру,- деп атап өтті Департамент бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қару-жарақ, оқ-дәрілерді тапсыратын азаматтар «102» оператор пультіне немесе 98-23-23, 98-21-55, 98-22-05 нөмірлеріне хабарласулары сұралады.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері өтініш берушінің мекенжайына барып, қабылдайды. Өткен жылы аталмыш акция барысында Ішкі істер органдарына 50-ден астам азамат заңсыз сақталған атыс қаруларын және оқ-дәрілерді тапсыруға өтініш білдіріп, олардан барлығы 60-тан астам қару сатып алынды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521