«Қарасора» барысында 15 кг есірткі тәркіленді

Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

1 маусым мен 31 қазан аралығында өтіп жатқан "Қарасора-2020" профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысында ҚР ҚК 297-бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу"-14 факт,

296-бап "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша- 40,

ҚР ҚК 300-бабы "Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру" -7,

ҚР ҚК 303-бабы "Есiрткi, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу" бойынша 1 дерегі анықталып, заңсыз айналымынан 15 кг 066 гр есірткі заттары тәркіленді.

Оның ішінде 12 кг, 625 грамм марихуана,

0,93 гр. гашиш,

2 кг 451,12 гр, канабис өсімдігі,

2,16 грамм экстралық анаша және 0,58 гр. синтетикалық есірткі алынып, тәркіленді.

Қазіргі күні тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қарасора" шарасы жалғасуда.

Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT