АҢҚАУ ЕЛГЕ – «АЛАЯҚ БАНКИР»

Атыраудың полицейлері несие рәсімдеп беремін деп алдап, атыраулық тұрғынның 6 млн. 300 мың теңгесін иемденіп кеткен шетелдік азаматты ұстады. Бұл жөнінде облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Күдікті 1988 жылы туған Тәжікстан Республикасының азаматы болып шықты. Ол маусымның 22-23 аралығында Алматы қаласына болған кезінде 1993 жылғы Құрманғазы ауданының тұрғынына қоңырау шалып, өзін Ұлттық Банк қызметкері ретінде таныстырған. Сөйтіп, әбден сеніміне кірген ол алаяқтық жолмен 6 млн. 300 мың теңге көлеміндегі ақшасын алдап алған.

Жедел іздестіру тергеу кезінде күдіктіге «Беркут» арнайы жүйесінде Қазақстан Республикасының шекарасынан шығып кетпеуі үшін арнайы шектеулер қойылды. Соның нәтижесінде атыраулық полиция қызметкерлері қылмыскер алаяқты Шымкент қаласының әуежайынан еліне ұшпақшы болған сәтінде ұстап, құрықтады.

-Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінге тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы және ҚПК- нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен кінәлі деп танылмайынша, жасалған қылмысқа кінәлі деп есептелмейді,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521