Алаяқтарға жем болмаңыз!

Қазір жаһандану заманында қаржы пирамидасына алданып қалу өте оңай.

Әдетте, мұндай ұйымдар өздерін инвестициялық кәсіпорын ретінде көрсете отырып, акциялар мен облигацияларды сатып алып, жоғары өнімді құрылысқа, зергерлік бұйымдарға салуға уәде береді.

Тұрғындардың бұл алаяқтық қылмыстың құрбаны болмаудың алдын алу бағытында құқық қорғау органдары қызметкерлері қала ішіндегі халық көп шоғырланған сауда орындарына барып, арнайы жадынама парақтарын тарату арқылы ескерту жұмыстарын жүргізіп келеді. Қаржы пирамидасы - бұл жалған табыс схемасы. Сізге өте жоғары пайыздық мөлшерлемелер, кепілдендірілген табыс ұсынылады және таныстарыңыз бен достарыңызды белсенді түрде тартуды сұрайды. Осы ретте Атырау ҚПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабында қаржылық пирамиданы құру үшін, яғни тартылған қаражатты қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, ақшаны немесе өзге де мүлікті немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу жөнiндегi қызметті ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық пирамидаға басшылық ету үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді!

А.Ерденқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT