Алаяққа арбалып қалмаңыз!

ken-zhyloi.kz

Қайырлы күн жылыойлықтар!

Ауданымызда алаяқтық қылмыстар орын алуда. Бүгін аудандық полиция бөліміне егде жастағы азаматтар келіп, өздерінің жеке телефондарына "құқық қорғау органынан хабарласып тұрмын, жұмыста жүрген балаңыз оқыс оқиғаға тап болды, сол мәселені шешу үшін ақша аударыңыз" деп хабарласқан, үлкен кісі ойланбастан, ешкіммен ақылдаспай aлаяқтардың берген счетына қомақты қаржы аударып жіберген. Ал баласы бүгін жұмыстан аман-есен келген, ешқандайда оқыс оқиғаға ұшырамағаны анықталды.

Қазіргі уақытта Жылыой аудандық полиция бөліміне арыз түсірілді, тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Осыған байланысты, eгерде cіздерге белгісіз адамдар хабарласып, жақын туыстарыңызға қатысты бір жағдай орын алды, соған қаржы аударыңыз деп хабарласса, дереу Жылыой аудандық полиция бөлімінің кезекшілік бөліміне 102 номеріне хабарласу сұралады.

Жылыой аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521