Айыппұл төлемегендерге ескерту берілді

Полиция қызметкерлерімен салынған айыппұл 7(жеті) жұмыс күнде 50% жеңілдікпен төлеуге тиіс.

Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының ағымдағы жылдың 8 маусым күнімен бекітілген №308 бұйрығын басшылыққа ала отырып, Жылыой ауданы көлемінде 2020 жылдың 08-18 маусым күндері арылығында полиция қызметкерлерімен салынған айыппұлдарды өндіру және арттыруға бағытталған "Борышкер" жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Аталған іс-шараның мақсаты жергілікті, әкімшілік полиция қызметкерлерімен және жеке сот орындаушылармен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырып, борышкерлерге айыппұлды мәжбүрлеп орындау болып табылды.

Полиция қызметкерлерімен салынған айыппұл 7(жеті) жұмыс күнде 50% жеңілдікпен төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген айыппұлдың төлеу мерзімі өткен жағдайда, айыппұлдың жалпы сомасы толық көлемде ауыстырылып орталықтандырылған деректер базы жүйесіне енгізіледі.

Ал өз еріктерімен төленбеген айыппұлдарды ҚР ӘҚБтК-нің 894-бабына сай жеке сот орындаушыларына 40 (қырық) күннен кейін жолданып, айыппұл мәжбүрлі түрде өндірілетінін қаперлеріңізге береміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521