Аймақта жол-көлік оқиғалары едәуір азайған

Нақтырақ айтқанда 44% - ға төмендеді

2020 жылғы қаңтар-маусым айларында Атырау облысында жол апаттарының саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда азайған.

Жыл басынан облыс жолдарында 90 жол-көлік оқиғасы орын алып, 119 адам зардап шекті, ал өткен жылдың бірінші жарты жылдығында 224 адам денсаулығына зардап келтірген 134 жол-көлік оқиғалары тіркелді. Өткен жылдың дәл осындай кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 44 пайызға төмендеген.

Жол оқиғасы салдарынан қаза болғандар мен жараланғандар саны бойынша да төмендеу байқалады. Биылғы алты айда орын алған жол-көлік оқиғаларынан 22 адам қаза тауып, 97 адам жарақат алды. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысының аумағында 134 ЖКО орын алып, 29 адам қаза тауып, 195 адам жарақат алды.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік апаттарының көпшілігі жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілердің кінәсінен орын алған. Биылғы жылы жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушілердің үшеуі мас күйінде болған.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел – алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізу жолдардағы жағдайды тұрақтандыруға, жол қозғалысы ережелерін бұзуды азайтуға, ал кейбір жағдайларда оларды барынша болдырмауға мүмкіндік береді, – дейді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қ. Үмбетқалиев.

Атырау облысы полиция

департаментінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521