АБАЙЛАҢЫЗ ҚАРЖЫЛЫҚ ПИРАМИДА

Қаржы пирамидасы (сондай — ақ инвестициялық пирамида) - бұл құрылымға қатысушылардың ақша қаражатын тұрақты түрде тарту есебінен табысты қамтамасыз ететін жүйе. Пирамиданың бірінші қатысушыларының табысы келесі жаңа қатысушылардың салымдары есебінен төленеді.

Бұл жағдайда, жоғарғы сатыдағылар шынымен табыс табады. Ал пирамиданың төменгі сатыдағылары ештеңе алмайды - олар пирамидада бір саты жоғары тұрғандарға өз ақшасын сыйға тартады.

Қазіргі қаржы пирамидалары - бұл алаяқтық түрлерінің бірі. Олар тез әрекет етеді, агрессивті жарнамалап, ғажайыпқа сенетін адамдардан ақша жинайды. Алаяқтар ойлаптапқыш, олар ұйымдардың басқа да нысандарын: басқарушы компаниялар, тұтыну кооперативтері, белгілі компаниялар атын пайдаланды. Сізге алдынызда нақты компания немесе қаржылық «көпіршік» екенін түсіну оңай емес.

Қаржы пирамидасында "Бүгін инвестиция!", "Табыс табуға асығыңыз", "Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз!» жарнама терминдерін тұрақты пайдаланады.

Қаржы пирамидасының өте маңызды белгісі – бұл қаржы реттеушінің лицензиясының болмауы. Кез келген салымды, егер сыйақы мерзімі мен ставкасы көрсетілген болса, депозит деп атауға болады. Тұрғындардан салымдарды қабылдауға «ҚР Екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" екінші деңгейдегі банктерде бар ҚР Ұлттық Банкінің лицензиясы талап етіледі. Банктер халықпен жұмыс істейді және салынған қаражаттың қайтарылуына кепілдік береді.

Бірақ қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар оларға лицензия қажет емес дейді. Бұл күмәнді ұйым. Құжаттарға қол қою кезінде, құжаттарды мұқият оқып шығыңыз. Сақ болыңыз!

Егер Сізді немесе сіздің жақын туысыңызды жоғарыда аталған белгілердің бірі бар компания қызықтырса, онда абай болыңыз және туғандарға қауіп туралы ескертіңіз.

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі Агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржы пирамидаларын құру және басқару Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығын ескертеді.

Осыған байланысты, егер Сізде «Қаржылық пирамидалардың» заңсыз қызмет ету фактілері туралы ақпарат бар болса, Атырау облысы бойынша ЭТД-не 8 (7122) - 35-42-10, 32-10-43 телефоны бойынша хабарлауыңыз сұралады.

Атырау облысы бойынша ЭТҚ ҰББ (штаб)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521