56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды

Атырауда 56 млн теңгені қолды еткен ұры анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– 28 наурыз күні жылы сағат 00:22 -де “102” арнасына 1975 ж.т. азаматша қоңырау шалып, 2021 жылдың 26-28 наурыз күндері белгісіз адамдар пәтерге еркін кіру арқылы сейфті еркін ашу жолымен 56.000.000 теңге ақшасын жасырын жымқырғанын айтқан, – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурызда жәбірленушінің пәтеріне еркін кіру арқылы сейфті ашып, ақшаны жасырын жымқырған, пәтерде үй қызметшісі ретінде жұмыс істеген 1979 ж.т. азаматшаны ізін суытпай анықтады. Күдікті Шымкент қаласында ұсталды.

Айта кетейік, Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері 19-21 мамыр аралығында “Пәтер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Polisia.kz

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика