235000 теңге қарыз алып, бермей қойған

Талап қоюшының сотқа арызданудан басқа амалы қалмады

Атырау облысының Жылыой аудандық сотымен 235 000 теңге қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Істі қарау барысында тараптардың адвокаттары сотқа партисипативтік келісімді ұсынып, оның шарттары бойынша жауапкер талап қоюшыға 235 000 теңгені 2020 жылғы 5 шілдеден бастап ай сайын 50 000 теңгеден төлеуге міндеттенді, ал талап қоюшы өз кезегінде талаптан бас тартты.

Тараптар сот отырысына «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы қатысты.

Адвокаттар соттан аталған келісімді бекітіп, іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады.

Сот ұйғарымымен партисипативтік келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Төленген мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.

Жылыой аудандық соты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521