10 мыңды 300 мың қылып қайтарамын дегендерді кездестірдіңіз бе?

Жыл басынан Атырау облысы аумағында тіркелген 500-ден астам алаяқтық қылмысының 300-ге жуығы интернет-алаяқтық.

Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Болат Көшқалиев атап өткендей, интернет- алаяқтық қылмысы былтырғы жылмен салыстырғанда 62,7% өсіп отыр.

Интернет-алаяқтықтың көп кездесетін түрі әлеуметтік желілерде пәтерді жалға беру, онлайн несиелер рәсімдеу, соңғы кезде шыққан «Доходный бизнес», сонымен қатар, «Колеса К3», интернет парақшаларында автокөліктің қосалқы бөлшектерін сату, жұмысқа орналастыру, «Instagram» интернет парақшаларында киім түрлерін сату жөнінде жарнамалап, алдау.

Мысалы, «WhatsApp» әлеуметтік желісі арқылы (Битсдаг) чатын ашып, "салынған ақшаны 50%-ға көбейтіп беремін" дегенге сеніп, 100-ден астам тұлға тіркелгендері анықталды. Алғашқы жарна 10 мың теңгеден -300.000 теңге аралығында белгіленіп, салынған ақшаның 50% пайызы 7 тәулік мерзім ішінде еселеніп қайтарылады деп алдап, сенімдеріне кірген.

Қазіргі таңда қылмысқа күдікті анықталып, БҚО облысы аумағынан ұсталды. Алаяқ жандардың Колеса кз. OLX.kz, Кiwi кошелек, басқа да шоттарға, сонымен қатар, соңғы кезде жиі жарнамаланып жүрген "Доходный бизнес" қаржы пирамидасы арқылы да өз іс-әрекеттерін жүзеге асыратынын ескертеміз.

Ғаламтор желісінде арзан тауар көрсеңіз, сатып алмақшы тауар тым арзан болып, сатушы алдын-ала төлем жасауды немесе банк карточкаларының ақпаратын сұратса, бейнебайланыс жүйесі арқылы сатушының өз төлқұжатын көрсетуін сұраңыз. Тауардың шынайылығына көз жеткізіңіз, өзге аймақтан көлік немесе қосалқы бөлшек алу керек болса, асықпаңыз, көлікті немесе қымбат бөлшекті сол қалада тұратын таныс - туыстарыңызға барып тексеруін өтініңіз.

Есте сақтаңыз!

Банк шотының толық нөмірін, растау кодтарын, құпия кодтарды ешкімге беруге тиісті емессіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521