Бүгінде облыстық прокуратура мен құқық қорғау органының күштері есірткі қылмысына қарсы аяусыз күреске жұмылдырылған. Есірткіні заңсыз таратуға ниет білдірген әрбір адамды қатаң шара мен ауыр жаза күтіп тұр. Төмендегі оқиға - дәл соның айғағы.
Жақында мемлекеттік айыптаушы ретінде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен Жамбыл облысы, Тараз қаласының екі тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. Олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі 1,3,5-тармақтары бойынша 10 және 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Бұл адамдар «Телеграм» электрондық ақпараттық ресурсын пайдаланып, аса ірі мөлшерде «Альфа-пвп» психотроптық заттарын заңсыз сақтап, оны өткізу мақсатында тасымалдаған. Және сол үшін құрықталып, заң бойынша жазаға тартылып, темір торға тоғытылды.
Атырау облысының прокуратурасы