Жылыойлық таеквондошылар ел чемпионатына жолдама алды

Өткен аптада Атырау қаласында балалар және кадеттер арасында Атырау облысының іріктеу біріншілігі өтті. Облыстық біріншілікке Атырау қаласы бойынша спорт мектептері, спорт клубтары және Жылыой, Құрманғазы, Исатай аудандарынан 100- ден астам спортшы қатысты.

Біріншілікте Құлсары қаласындағы N1 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебін таэквондо бөлімінің спортшылары да бақ сынасып, жалпы командалық есепте II-ші орынға ие болды. Олар келер 2024 жылы өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды.

Біріншілікте жүлделі 1-орынды жеңіп алған Д.Рахым, К.Майлаш, Б.Нариманұлы секілді палуандар команда көшін алға сүйреді. Олардан 3-орынды ие болған М.Қанатұлы, Ә.Әлібекұлы, Б. Нариманұлы мен Р.Аманжандар да қалыс қалған жоқ. Сондай-ақ, кадеттер арасында Ж.Саламатқызы, Ә.Амандықов, Е.Марат, М.Сақташ, Р.Байдолла, С.Батырхандар да 1-орынды қанжығаға байлап, жеңістің биік тұғырынан көрінді.

Ш. Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT