Жылыойлық спортшылар «PODGORICA OPEN G-1 2024» халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды

2024 жылдың 4-6 қазан аралығында Черногорияның Подгорица қаласында таеквондодан «Montenegro Podgorica Open G-1» халықаралық турнирі өтті. Бұл маңызды спорттық шараға 10-нан астам мемлекеттен 500-ге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.

Жылыой аудандық №1 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) таеквондо бөлімі спортшылары халықаралық деңгейдегі бәсекеде тамаша нәтиже көрсетті.

Турнирдің нәтижесінде:

 • Айтжан Марғұлан 37 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді.

 • Кенжебек Абыл 73 келі салмақ дәрежесінде қола медаль алды.

Спортшыларымыздың бұл жетістіктері тек олардың қажырлы еңбегінің ғана емес, сондай-ақ жаттықтырушылары Азамат Нұржанов және Дастан Қожыровтың шеберлігінің нәтижесі. Жаттықтырушылар спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру мен жеңіске жетуге ынталандыруда үлкен үлес қосты.

Спортшыларымызды осы жеңістерімен шын жүректен құттықтай отыра, алдағы жарыстарда да жаңа жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз! Еліміздің абыройын арттырып, таеквондо спортының дамуына үлес қосатындарыңызға сенеміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521