Жылыойлықтар үстел теннисінен жүлдеге ие болды

ken-zhyloi.kz

Жылыойлық ерекше жандар облыстық чемпионаттан жүлделі орындарға ие болды.

Атырау облыстық спорт басқармасы мен "Мүгедектердің спорттық клубы" мекемелерінің ұйымдастыруымен наурыздың 11-12 күндері үстел теннисінен тірек-қимыл аппараты зақымданған (ТҚАЗ) жас спортшылар арасында облыстық іріктеу чемпионаты өтті.

Жылыой ауданының спортшылары жеке сайыстан Жұмаш Ақселеу 3-орын, Рысгүл Орынбасарқызы 3-орын, Ақмөлдір Жарқынқызы 3-орынға ие болды. Топтық жарыста Ақмөлдір 2-орынға ие болды. Жылыой ауданының мүмкіндігі шектеулі жандары арасында күні бүгінде 1 спорт шебері және 3 спорт шеберлігіне үміткер бар.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521