Жылыойлық Талғат - NFC 26 чемпионы

Осылайша ол өзінің жеңістер санын 9-ға жеткізді.

Сенбі күні түнде Ақтауда өтіп жатырған ұлттық жекпе жектен Naiza Fighting Championship 26 ойындары аяқталды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақта шыққан Жылыойдың намысын қорғаған Талғат Жұмағалиев төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Талғаттың қарсыласы осы уақытқа дейін 5 жекпе-жек өткізіп үлгерген Сағынай Шүкір.

Аса жеңіл салмақ дәрежесі бойынша үш раундқа созылған кездесуде Талғат төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, өзінің жеңістер санын 9-ға жеткізді.

Айта кету керек, Талғат Жұмағалиев панкратин мен ММА-ден әлем чемпионы, ұлттық спорт жекпе-жектен ел чемпионы.

"Жылыой-ақпарат"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521