Жылыойлық спортшы төрт дүркін Қазақстан чемпионы атанды

ken-zhyloi.kz

27 ақпан мен 02 наурыз күндері аралығында Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жекпе-жек сайысынан (қоян-қолтық ұрыс) жастар мен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республиасының чемпионаты өтті.

Тартысты жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен жүзден аса 14 пен 21 жас аралығындағы жекпе-жек спортының шеберлері қатысып, бақтарын сынады. Төрт күнге созылған байрақты бәсекеде аудан мерейі үстем болып, 14-15 жас аралығында 42 келі салмақтағы Айғалиев Мейрамбек Қазақстан Республикасының чемпионы атағына төртінші мәрте қол жеткізіп отыр, 18-21 жас аралығында +90 келі салмақта Алтынбек Мұратұлы қарсылас шақ келтірмей аса ауыр салмақтағы Қазақстан чемпионы атанды.

Бүгінгі күні жекпе-жек сайысы бойынша Жаңа Қаратон кентінің спортшылары озық болып отыр. Ауданның қалаберді облыстың мерейін асқақтатып жүрген спортшылардың бапкері, жекпе-жек MMA-ден әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев және Нұршат Әуелбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Өзбекстанда ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін жекпе-жек сайысында әлем чемпионатына жылыойлық спортшылар қатысуы ықтимал. Жылыой ауданы мәдениет және спорт бөлімі баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521