ЖЫЛЫОЙЛЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚОЛА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Татарстан Республикасы, Қазан қаласында 2022 жылдың 11-13 қараша күндері жекпе жектен Азия чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 17 елден спортшылар қатысып, Жылыойлық Ерлан Шакишов топ жарып, қола медалін иеленді. Ол 97 келі салмақта өнер көрсеткен.

Ерлан Шакишов - ұлттық жекпе-жектен, панкратионнан спорт шебері. Сондай-ақ, республикалық және Азиялық чемпионаттардан жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға ие болып жүр.

Жерлесімізді кезекті жеңісімен құттықтай отырып, алар асуларының көп болуын тілейміз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521