Жылыойлық Шыңғысхан Гүлхан Азия ойындарының қола жүлдегері

44 келі салмақтағы Шыңғысхан Гүлхан Азия ойындарында топ жарды деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шілде айының 27 мен 8 тамыз аралығына РФ-ның Владивосток қаласында Халықаралық VII Азия балалары ойындары өтуде.

"АЗИЯ БАЛАЛАРЫ" жарысына әлемнің 12 елінен келген 1500 ге тарта спортшы 19 спорт түрінен қатысып бағын сынауда.

Ірі додалардың біріне екінші рет сынға түскен Жылыойлық Шыңғысхан Гүлхан қола жүлдеге ие болды.

6380752a-0c4e-433e-87ba-b7f16236a9a6

Естеріңізге сала кетсек осыған дейін Шыңғысхан Гүлхан Азия кубогында күміс жүлдеге ие болған болатын.

Спортшының жаттықтырушысы: Дзюдо және Самбо күресінен ҚР спорт шебері, Біліктілігі жоғары деңгейдегі I санатты жаттықтырушы Жаңылсын Көптілеуова.

©️ Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
@jylyoi_audany_akimdigi

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521