Жылыойлық палуандар жеңісі

Жақында Қостанай қаласында 2002-2003 жылдары туылған жасөспірім қыздар мен ұлдар арасында қазақ күресінен халық қаһарманы Рахымжан Қошқарбаевты еске алуға арналған республикалық ашық турнир өтті.

Оған Қарағанды, Атырау облысы және Астана, Алматы, Қостанай қалаларынан 13 команда қатысты. 115 жасөспірім спортшы қатысқан турнирде жылыойлық спортшылар да бақтарын сынаған болатын. 46 кг салмақта белдесіп, қарсыластарының жауырынын жер иіскеткен Керей Жандарбек пен 57 кг салмақта белдескен Табылды Кайсар жүлделі 1-орынды иеленді. Сонымен қатар 64 кг салмақта белдескен палуан Ізтұрған Абзал 3-орынды еншіледі.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521