Жылыойлық палуандар іріктеуден өтті

Онда жылыойлық палуандар айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Іріктеу кезінде жасөспірімдер арасында Керей Жандарбек 50 кг салмақта 2-орынды иеленді. Ал 60 кг салмақта белдескен Мағзом Нұрлан 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар 65 кг салмақта бақ сынаған Табылды Қайсар да 1-орынды иеленді. Жастар арасында 78 кг салмақта белдескен Арман Орынбаев 1-орын, 72 кг салмақта белдескен Әлішер Нұрқожа 2-орынды еншіледі.

Аталған палуандар қараша айынын 1-і мен 4-і аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық «Жас барыс» турниріне күресуге жолдама алды. Палуандарды жарысқа дайындап жүрген жаттықтырушысы - Мейрам Лайбаев.

Қ.Нұртайұлы

COVID 19

covid

Күнтізбе