ЖЫЛЫОЙЛЫҚ ӘНЕН НАЗАРБЕК ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Егемендіктің 30 жылдығы аясында ауданда көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Атырау облысында тоғызқұмалақтан өткен жекелей біріншілікте Әнен Назарбек 1-орын алып, Павлодар қаласында өтетін ел чемпионатына жолдама алды. ⠀ Осыған дейін ақпан айының соңына таман Жылыойда тоғызқұмалақтан Online турнир өтіп аудандағы жасөспірімдер арасында кіл мықтыны анықтаған сайыс өткен болатын. ⠀

Егемендіктің 30 жылдығы аясында ауданда көптеген спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Басты мақсат - аудан жұртшылығын спортқа баулу және спорттық жетістіктерге жеткізу. ⠀ Ақпан айының 23-26 аралығында 2005-2010 жылғы жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан өткен аудандық онлайн турнирге 30-ға тарта жасөспірімдер қатысты. ⠀

2005-2006 жылғы ұлдар арасында ⠀⠀

1. Әнен Назарбек ⠀⠀

2. Айса Әділет Қыздар арасында ⠀⠀

1. Жеңісова Ақерке ⠀

2. Рахманова Нұрай ⠀⠀

3. Айжарықова Сымбат ⠀

2007-2008 жылғы ұлдар арасында ⠀⠀

1. Орынбасар Бектас ⠀⠀

2. Иса Азамат ⠀⠀

3. Әжен Азамат ⠀

Қыздар арасында ⠀⠀

1. Сағынбай Айару ⠀⠀

2. Жақсығалиқызы Шапағат ⠀⠀

3. Кенжебайқызы Мадина ⠀⠀

3. Мырзамбетова Айша ⠀ ??2009-2010 жылғы ұлдар арасында

1. Кенжебай Әлішер

2. Қойшыбай Парасат

3. Дүзелбаев Шыңғысхан ⠀

Қыздар арасында ⠀⠀

1. Шопан Айжанат ⠀

⠀2. Сағынбай Жанерке ⠀

⠀2. Игілік Ақнұр ⠀⠀

3. Игілік Балнұр ⠀⠀

3. Төкенова Гаухар ⠀⠀

3. Исламғалиева Асылай жүлделі орынға ие болды.

Соңғы жылдары аудан бойынша ұлттық спортқа көңіл бөлушілер және ынта қойып айналысып жүргендер саны артуда. Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен Ұлттық спорт түрлерінің тізбесі бекітілді.

Бұйрыққа сәйкес Ұлттық спорт түрлерінің тізбесіне: аударыспақ, асық ату, бәйге, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, тоғызқұмалақ енген.

Аталған бұйрық 2021 жылдың 19 наурызынан бастап күшіне енбек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521