Талдықорған қаласында өткен Республикалық "Ауыл жасөспірімдерінің ІV жазғы ойындары" жарысында Хамит Қожа-Ахмет және Бақтияр Гаухар өңірге алтын медальмен оралды деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Дәстүрлі түрде төрт жылда бір рет өтетін "Ауыл жасөспірімдерінің IV жазғы ойындары кезінде аудандағы спорт мектебінің жаттығушылары Хамит Қожа-Ахмет және Бақтияр Гаухар белдескен қарсыластарының барлығын тізе бүктіріп жеңіс тұғырынан көрінді.
Х. Қожа-Ахмет қазақ күресінен 76 келі салмақта, Бақтияр Гаухар дзюдо күресінен 44 келі салмақта жеңімпаз атанды.
Хамит Қожа-Ахмет №1 Жылыой аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы болса Бақтияр Гаухар Ақкиізтоғай ауылында орналасқан № 2 спорт мектеп спортшысы.
Қос чемпионның жаттықтырушысы:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы
Әбілдиев Асылбек Аманұлы;
ҚР дзюдо күресінен СШҮ, Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы Жұмасейтов Жандос Серікұлы.
©️ Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.