ken-zhyloi.kz
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылығына орай «Қазақстан - спорттық ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған тірек-қимыл аппараты зақымданған, көру қабілеті төмен және есту қабілеті төмен спортшылар арасында пауэрлифтинг пен армрестлингтен облыстық чемпионат өтті.
Чемпионатта жылыойлық спортшылар: Жаңабаева Ақзира пауэрлифтингтен әйелдер арасында жеңімпаз атанып, республикалық чемпионатқа жолдама алса, осы спорт түрінен ерлер арасында 72 келі салмақта Әбен Медет 2 орын, 80 келі салмақта Бектембаев Нұрбек 2 орынға ие болды.
Аудан намысын қорғаған спортшыларға "Атырау облыстық мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиал төрағасы Амангелді Мыңжасаров жетекшілік етті.
Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі