Жылыойлық екі спортшы Қазақстан чемпионатына жолдама алды

ken-zhyloi.kz

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Қазақстан - спорттық ұлт» жобасы аясында ұйымдастырылған еркін күрестен 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Атырау облысының іріктеу турнирі өтті.

Ақпанның 8 мен 10 аралығында №1 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен турнирге Атырау облысы бойынша 102 спортшы қатысқан болатын.

Жылыой ауданының спортшылары арасынан 51 келі салмақтағы Аманғали Әлфараби мен 92 келі салмақтағы Мақсат Айбар жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстан чемпионатында Атырау облысының намысын қорғайтын болады.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521