Жылыойлық Алтынбек "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" төсбелгісіне ие болды

"Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтті.

Қараша айында Елордада "Спорт жұлдыздары" журналының жүлдесі үшін жалпы ұстаздар арасында тоғызқұмалақтан республикалық турнир өтті. Турнирге республиканың барлық өңірінен бірнеше дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысқан болатын. 20-29 жас аралығында ерлер арасында жылыойлық Сағынов Алтынбек Берікұлы II орынға ие болып, "Спорт жұлдыздары" журналы редакциясының шешімімен "Үздік дене шынықтыру пәні мұғалімі" төсбелгісімен марапатталды.

Естеріңізге сала кетсек Сағынов Алтынбек Майкөмген ауылдық округіндегі №5 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет етеді.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521