ЖЫЛЫОЙДЫҢ АРДАГЕР СПОРТШЫЛАРЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНЕН ІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

ken-zhyloi.kz

Атырауда ардагер спортшылар арасында  өткен ұлттық спорт асық ату, бес асықтан облыстық біріншілікте Жылыой ауданының командасы екінші орынға ие болды.

Бес ауданның спортшылары қатысқан жарысқа Жылыой құрамасынан Райхан Ахметова, Ибраева Раушан, Қалиева Нұрзия сынды аудан спортшылары бақ сынаған болатын.

Аудан құрамасы қарсыластарынан жеңілмесе де ұпай санымен екінші орынды қанағат тұтты. Ауданның ардагер спортшыларын жеңісімен құттықтаймыз.

Естеріңізге сала кетсек Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы бұйрығымен,

1. Аударыспақ,

2. Асық ату,

3. Бәйге,

4. Жамбы ату,

5. Жекпе-жек,

6. Көкпар,

7. Қазақ күресі,

8. Құсбегілік,

9. Тоғызқұмалақ спорты ұлттық спорт түрі болып танылды.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521