ken-zhyloi.kz
Қазақ елінің тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында аудан көлемінде өтіп жатқан жарыстарға аудан тұрғындары, жастары белсенді қатысуда.
⠀ - 25 ақпан күні мергенділікті, ептілікті талап ететін ұлттық ойынымыздың бірі асық атудан 2010 жылы туған және одан кіші балалар арасында аудандық турнир өтті. Турнирде асық атудан топтық "Бестабан" ойыны ойналды.
-Жаңа Қаратон кентінде №4 балалар жасөспірімдер спорт мектебінде қазақ ұлттық ойыны тоғыз құмалақтан жарыс өткізілді;
-Жем ауылдық округінде ауылішілік волейболдан ашық біріншілік;
-Қара Арна ауылдық округінен ауылішілік кіші аяқдобынан жарыс өтті.
Жарыстың қорытындысы жүлделі орын алған қатысушылар дипломмен және медальмен марапатталды. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық спорттық шаралар көрерменсіз өтті.
Жылыой ауданы әкімдігінің
баспасөз қызметі