Жылыойда Спорт күніне орай мерекелік шара өтті

Бүгін ауданымызда Спорт күніне орай “Спорт-өмір серігі” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

“Спортшыларымыз өздерінің белсенділігімен және жоғары нәтижелерімен ауданымыздың беделін әлемдік аренада жоғары көтеруге ықпал етуде. Біздің аудан өзінің спорттық тарихымен және оның тамаша дәстүрлерімен мақтанады. Өңірімізде салмақты нәтижелер мен жеңістерге жеткен түрлі спорттық жарыстардың атақты чемпиондары мен жүлдегерлерінің тұтас тобы тәрбиеленгендігі айқын.
Жеңісті сәттердің соңында бапкерлер мен спортшылардың аянбай тер төккен еңбегінің жемісі тұрғаны анық. Сондықтан бүгін де ауданымызда спортшыларымызды бабында ұстап, аймақта спорт саласының дамуына үлкен үлес қосып жүрген бірқатар бапкерлер мен сала ардагерлерін және спорт саңлақтарына алғысымды білдіремін.
Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке орнасын. Әр жылымыз жақсы өзгерістерге, қуанышты кездесулерге, жеңісті сәттерге толы болып, ел үмітін ақтайтын спортшыларымыздың қатары көп болсын-, деп Жылыой ауданының әкімі Ж.Қаражанов ауданның спорт саласының дамуына үлестерін қосып жүрген споршыларды төл мерекелерімен құттықтады.

e016a957-69b0-456f-bf68-7664a868cc2d-1-bla

Сонымен қатар, облыстық, республикалық, халықаралық дәрежедегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері, бапкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен және арнайы сертификатпен марапатталды.

Мерекелік шарада Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің таэквондо бөлімінің және "Сүлеймен" спорт мектебінің каратэ бөлімінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті.

070ae0d4-c422-48ca-a329-c9ed9ac51a0d

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521