ЖЫЛЫОЙДА ONLINE МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Марафон Елорда күніне арналған еді

Жылыойлық әуесқой спортшы Дулат Қалиев аудан тұрғындары арасында өткен 3 шақырымдық онлайн марафонды 12 мин 07 секунд уақытта өтіп бірінші орынға ие болды.

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, 6 шілде - Елорда күніне орай Жылыойда өткен онлайн марафон өз мәресіне жетті. Марафонға қатысушылар 1-6 шілде аралығында жарыс ережесіне сәйкес бекітілген жерде кез келген уақытта 3 шақырымдық межені жүгіріп өтіп нәтижесін жеке әлеуметтік желісінде жариялауы керек болатын.

Жарысқа қатысушылар әлеуметтік желіде #ЕлордакүнінеЖылыойдан2021 хэштегін пайдалану арқылы өз нәтижелерін бөлісіп жеңімпаздары анықталды:

I орын - Дулат Қалиев 12:07

II орын - Бейбарыс Бекешов 12:12

III орын - Сұлтанов Нұрғиса 12:47

7 шілде күні Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Орынбасарқызы онлайн марафон жеңімпаздарын қабылдап диплом, медаль және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Бөлім басшысы өз кезегінде:

"Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты жүгіру жарысын онлайн түрде өткізуге тура келді. Қатысқандарыңызға алғысым шексіз, спортшыларға сәттілік тілеймін, 3 шақырымдық марафонға қатысып, белсенділік танытқан өзге қатысушылардың барлығына "БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТҚАНЫ ҮШІН" дипломы онлайн түрде жолданатын болады" деп атап өтті.

Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі

#Qazaqstan30

#relive

#ЕлордакүнінеЖылыойдан2021

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521