Жылыой ауданы әкімідігі қолдауымен, Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай “KY3ГI КРОСС ІІ"
Жылыой аудандық ашық марафоны өтті.
Жылыойда өткен "Күзгі Кросс II" марафонына 30-ға жуық спортшы белсене қатысты.
Сөре Құлсары қаласындағы “Blue Water” аквапарктен басталып, Қамыскөл жағалауымен өтетін асфальт жол арқылы Орталық Мешіт мәре сызығы болып бекітілген болатын.
Сайыс нәтижесі бойынша
Ерлер арасында 5 шақырымды еңсергендер
I орын Нұрлан Мағзом
II орын Аманжолұлы Әлішер
III орын Қайырбай Ерасыл
Әйелдер арасында 5 шақырымдық межені еңсергендер
I орын Бақтиярова Айдана
II орын Дүйсенғалиева Асылай
III орын Лауадина Ақбота
Жарыс жеңімпаздары диплом, медаль және сыйлықтармен марапатталды.
Өз кезегінде ұйымдастырушы тарап аудандық жедел-жәрдем қызметкерлеріне қатысушылардың өмір қауіпсізідігіне атсалысқаны үшін және аудандық полиция бөліміне жолдағы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз еткені үшін алғыс білдіреді.