Құлсары қаласында Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында, 1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне орай Атырау қаласы мен Жылыой ауданының өнер жұлдыздары арасында футболдан жолдастық кездесу өтті.
Шараның ашылу рәсімінен кейін екі команда да жасыл алаңда жеңіс үшін, бақтарын сынады. Тартысты өткен кездесудің қорытындысы бойынша «Атырау-Жайдарман» құрама командасы ойынның негізгі уақытында 2:2 есебімен тең түсіп, пенальти сериясында 4:2 есебімен жеңіске жетті.
Жеңімпаз атанған команда арнайы алғыс хатпен, кубокпен марапатталды. Алдағы уақытта достық қарым-қатынасты арттыру үшін бұл игілікті шара жалғасын табатын болады.