Жылыойда ерекше балаларға арналған спорт орталығы ашылды

Жақында ауданда «Future sport» атты реабилитациялық бейімделген спорт орталығының ашылу салтанаты өтті. Салтанатты рәсімге аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев, «Теңізшевройл» ЖШС-нің өкілі Нұрлан Ерғалиев және аудан кәсіпкерлері мен ата-аналар қатысты.
​Спорт орталығы ментальды ауытқуы бар балаларды қабылдап, оларға нейрогимнастикалық жаттығулар, жасалады. Аватерапия, логопед-дефектолог мамандар логомассаж, артикуляциялық массаж және мектепке даярлық сабақтары мен музыкалық терапия өткізіледі.
​Ерекше балаларға арналған спорт орталығын ашқан Самал Жұмашеваның өзі де мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған ана әрі кәсіпкер. Ол 2021 жылы «Алғыр» жобасы арқылы оқып, тәжірибе жинаған. Осылайша, «Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік-инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Жарқыра» жобасынан грант ұтып алады. Бүгінде ол ментальды ауытқуы бар балаларды қабылдайтын «Future sport» абилитациялық бейімделген спорт орталығының филиалын ауданымызда ашып отыр. Бұған дейін де «Жарқыра» жобасының жеңімпазы атанған Самал Аманжолқызы: «Екі рет қатарынан қаржылай қолдауға ие болуым «Алғыр» жобасынан жинаған тәжірибемнің жемісі», -дейді. Аталған спорт орталығы 100 балаға ақылы қызмет көрсетеді.
​Айта кетсек, «Алғыр» жобасы 2021 жылы «ҮЕҰ мектебі» атауымен бастау алған. Жобаның басталғанына аз уақыт өтсе де 100-ден аса адам кәсіп бастаудың қыр-сырын оқып, меңгерген. Жобада тек қатысушылар оқып, үйреніп қана қоймай, ТМД елдері бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік алады.


Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521