ЖЫЛЫОЙДА БОКСТАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жылыой ауданында 2007-2008, 2008-2009, 2010-2011, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында бокстан аудандық ашық турнир өтті.

Турнирге Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан 200-ге жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынасты.

Спорттық сайыс 4 күнге созылды. Дода қорытындысына сәйкес, командалық есеп бойыша:

Атырау облысы- I орын (9 алтын, 7 күміс, 13 қола);

Маңғыстау облысы -II орын (8 алтын, 5 күміс, 5 қола);

Жылыой ауданы- III орын (5 алтын, 10 күміс, 16 қола).

Жеңімпаз командалар мен спортшыларды құттықтай отыра, жаңа жетістіктер тілейміз!

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521