ЖЫЛЫОЙДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ІРІКТЕУ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

ken-zhyloi.kz

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай республика бойынша түрлі деңгейде спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Жылыой ауданы әкімінің атаулы мерекеге орай бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес ауданда ұлттық спорт түрлерінен жарыстар басталды.

23 ақпан күні ауданның палуандары Қара арна ауылдық округіндегі № 3 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде боз кілемде белдесіп, өзара мықтыларын анықтаған болатын. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты көрерменсіз өткен чемпионатқа 30-ға тарта ауданның палуандары жиналды.

70 келі салмақ дәрежесіне дейін

I орын Табылды Қайсар,

II орын Әбділдиев Асылбек,

III орын Қабиев Нұрәділ ие болды.

+70 келі салмақ дәрежесінде

I орын Қалаубаев Нұрболат,

II орын Сағынғалиев Шынарбек,

III орын Рысжанов Әсембек ие болды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатырған спорттық шаралар бойынша, тоғызқұмалақтан 2005-2010 жылғы жасөспірімдер арасында аудандық онлайн турнир басталған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 25 ақпан күні № 4 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде асық ату, 26 ақпан күні № 2 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қол күресі (армрестлинг) спортынан аудандық турнир ұйымдастырылатын болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521