Жылыой ауданы Майкөмген ауылында үлкен спорт жұлдыздары өсіп келеді

Айсезім Тоғызбай - «Eurasia 2023 JUNIOR CUP» халықаралық турнирінің жеңімпазы, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

10 жасар Жылыой ауданы Майкөмген ауылындағы спорт мектебінде жаттығады. Айсезім Тоғызбай - бірқатар республикалық және халықаралық турнирдің жеңімпазы, дзюдодан Атырау облысы мен Қазақстан құрамаларының намысын қорғап жүр.

-Айсезім жаттығатын Майкөмген ауылындағы спорт мектебі жергілікті мұнай компаниясы жүзеге асырған «Игілік» әлеуметтік бағдарламасы аясында бой көтерді. Мұнда балалар дзюдо, волейбол, футбол, тоғызқұмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстарға дайындалады. 260-тан астам ауыл баласын 10 жаттықтырушы жаттықтырады. Бүгінгі таңда спортшылар облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарда 300-ге жуық жүлделі орынды иеленді», - дейді Жылыой аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Әлібек Науаров.

Айта кетейік, «Игілік» бағдарламасы аясында Майкөмген, Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон, Ақкиізтоғай ауылдарында спорт мектептері бой көтерді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521