ЖЕТІ ШАҚЫРЫМДЫҚ МАРАФОН

Ежелгі гректер «Егер ақылды болғың келсе, жүгір, күшті болғың келсе, жүгір, әдемі болғың келсе, жүгір» деген екен. Расында да жаяу жүру мен жүгірудің адам денсаулығына тигізер пайдасы ұшан-теңіз. Бұл ретте ауданның 95 жылдығы аясында жүгіруден марафонның ұйымдастырылуының астарында да тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсаты тұрды.

Марафонның басталар қарсаңында қатысушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйлеген аудан әкімі Жұмабек Қаражанов:

-Шынайы пейілдеріңізбен киелі мекен - Жылыой өлкесінің 95 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылған шараға қатысып, белсенділік танытқаныңыз үшін баршаңызға алғысымды білдіремін. Ауданда өтіп жатқан осындай спорттық және мәдени-көпшілік шараларды қолдап, көптеп келетін жылыойлықтар қатарының өскені қуантады. Әрине, бұл жарыста ең мықтылар жеңімпаз атанады. Сондықтан салауатты өмір салтын насихаттауға ат салысқан әр қатысушыға, жарыс жолында сәттілік тілеймін. Жүгіруді дағдыға айналдырған тұрғындарымыздың саны арта берсін! Ауданымыздың төл мерекесі құтты болсын!», - деді.

«Марафонға 16 жастан асқан 200-ге жуық тұрғын қатысты. Олар «Береке» ықшам ауданындағы «Blue water» аквапаркінен бастап, Орталық стадионға дейінгі аралықтағы 7 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті», - деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

Марафоннан ерлер арасынан Ерболат Жанәлі, Мәди Сайлаубай, Айдан Тінеевтер өзгелерден озық келсе, қыздардан Хадиша Мұхалбек, Әйгерім Еділ, Балерке Күнбаевалар алдына жан салмады. Шара қатысушыларына арнайы футболка мен естелік медаль табысталды.

П.Қизатова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521