Жерлесіміз Сербиядан алтын медаль еншіледі

Тағы бір жерлесіміз — Еркебұлан Қуанғалиев бүгін финалда бақ сынайды.

«Атыраулық жас палуан Абылайхан Мейрамбекұлы Сербияда самбо күресінен жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль тағынды»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникация қызметі. ⠀

Сербия республикасының Нови-Сад қаласында самбодан өтіп жатқан әлем чемпионатында жерлесіміз Абылайхан Мейрамбекұлы 52 келі салмақ дәрежесінде күресіп, финалда молдовалық қарсыласынан басым түсіп, жастар арасында әлем чемпионы атанды. ⠀

Ал осы халықаралық жарысқа қатысып жатқан тағы бір жерлесіміз — Еркебұлан Қуанғалиев бүгін финалда бақ сынайды.

Атырау облыстық коммуникация қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521