Жеңіс жылыойлықтар еншісінде

Құрманғазы ауданында Ауғанстаннан Кеңес әскерінің шығарылғанына 29 жыл толуына орай волейболдан спорт ардагерлері арасында облыстық турнир өтті.

Оған ауданымыздың волейбол спортының ардагерлерінен құралған команда қатысып келді. Өткізілген шараға көршілес Астрахан облысы, Атырау қаласы мен аудан командалары қатысты. Ауданымыздың ардагерлер командасы қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, жүлделі І орынды иеленді. Волейболшылардың осы шараға қатысуы үшін олар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі есебінен қаржыландырылды. Аудан волейболшылары талай жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп келеді. Құрманғазы ауданында өткен шараға Ж.Құдайбергенов, Ж.Молдашұлы, Қ.Исабаев, Е.Сейтімов, А.Тоғаев және тағы басқалары қатысқан болатын.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521