Жеңіс тұғырында

Жақында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен облыстық, республикалық спорттық жарыстардың жүлдегері, байырғы мұнайшы Қажымұқан Ильясовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында баскетболдан облыстық турнир өтті.

Оған облысымыздағы аудандардан және Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан командалар қатысты. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Баймұратов және Қажымұқанның ағасы Досмұхан мен жанұясы командаларға сәттілік пен жеңіс тіледі. Екі күнге созылған тартысты ойында үздіктер анықталып, "Жылыой", "Құлсары-2", Ақтөбе облысынан "Алға" және Маңғыстау облысына "Жаңаөзен" командалары келесі кезеңге өтті. Алғашқы жартылай ақтық сында "Жылыой" және "Құлсары-2" командалары күш сынасып, жеңіске "Жылыой" командасы жетті. Ал келесі ақтық сында "Алға" және "Жаңаөзен" командалары кездесіп, "Алға" командасының мерейі үстем болды. Нәтижесінде ІІІ орын үшін кездесуде "Жаңаөзен" командасы жеңіске жетті, І-ІІ орын үшін кездесу "Жылыой" және "Алға" командалары арасында өтті. Командалардың қай-қайсысы да жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Өткен ақтық сайыста басымдылықпен "Жылыой" командасы жеңіске жетіп, турнирдің жеңімпазы атанса, Ақтөбе облысына келген "Алға" командасы ІІ орынды иеленді. Турнирдің жабылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Н.Өмірбаев үздік ойыншыларды марапаттады.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521